Қазақстан биыл Қытайға жүк тасымалын 13%-ке азайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан биыл Қытайға жүк тасымалын 13%-ке азайтты

13.10.2021

Қазақстан биыл Қытайға жүк тасымалын 13%-ке азайтты. Қазақстан темір жолының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қыркүйекке дейін Қытайға 9,2 млн тонна жүк жеткізілгенін айтты. Әсіресе «Достық» станциясында тауар тасымалы 30%-ке төмендеген. Ал Қытайдан келетін тауар керісінше 20%-ке артып отыр. Биыл 6,6 млн тонна жүк жеткізілген. Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, Қытай тарапы пандемия кезінде эпидемиологиялық жағдайға аса мұқият қарайды. Егер бір-екі қызметкері вирус жұқтырса, тұтас станция жұмысы тоқтайтынын жеткізді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу