28 жолаушы мінген автобус аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 жолаушы мінген автобус аударылды

06.03.2020

Павлодар облысы аумағында 28 жолаушы мінген автобус аударылды. Көлік Екібастұздан шығып Ташкентке бағыт алған. Көктайғақ, оның үстіне жаяу бұрқасын қосылып жүргізуші көлікке ие бола алмай қалған. Автобустың екі жүргізушісі қазақстандық, басқа 26 адам Өзбекстан азаматтары. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем келіп, көмек көрсетті. Жолаушылардың бәрі дін аман. Айналасы бірер сағатта олар жолай өткен көліктерге отырып кетті.

Хабарламаларға жазылу