Коронавирустың таралуы қара алтын бағасын тағы құлдыратып жатыр. Жыл басында баррелі 60 доллардан сатылған мұнайдың құны қазір 50 долларға дейін түскен. Өйткені әлемге таралып жатқан қауіпті індеттің кесірінен жер-жерде карантин жарияланып, ірі корпарациялар жұмысын тоқтатқан. Салдарынан мұнайға сұраныс азайып, баға құбыла бастады.