Павлодарда жолаушылар біраз әбігерге түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жолаушылар біраз әбігерге түсті

06.03.2020
Павлодарда жолаушылар біраз әбігерге түсті

Павлодарда жолаушы тасымалдаушы екі ірі кәсіпорынның жүргізушілері жұмысқа шықпай қойып, жолаушылар біраз әбігерге түсті. Автобустар тек түске таман қозғалды. Естеріңізге сала кетейік, автопарк иелері наурыздан бастап қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүретін жолаушыларды тегін немесе жеңілдікпен тасымалдаудан бас тартпақ екендігін бұған дейінгі хабарларымызда айтқанбыз. Мәселен, қала әкімінің араласуымен тараптар мамыр айына дейін осы тәртіп сақталады,-деп келіскенді. Ал, бүгін тура осы талап жүргізушілер мен кондукторлар тарапынан жария етілді.

Болат АМАНБАЕВ 


Хабарламаларға жазылу