Оңтүстік Кореядан келген 100 адам Алматыда карантинге жатқызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореядан келген 100 адам Алматыда карантинге жатқызылды

06.03.2020
Оңтүстік Кореядан келген 100 адам Алматыда карантинге жатқызылды

Медициналық мекемелерге жеткізілген 100 адам алдағы 14 күн бойы карантинде болады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«2020 жылдың 4 наурызында шыққан Бас мемлекеттік санитардың қаулысымен коронавирус инфекциясы бойынша (COVID-19) 1а санатындағы (ҚХР, Оңтүстік Корея мен Иран) мемлекеттерден келген азаматтар жергілікті атқарушы органдар айқындаған орында үзіліссіз 14 күндік карантинге жатуға міндетті. 2020 жылдың 5 наурызында сағат 15:50-де Сеул-Алматы ұшағымен 197 адам ұшып келді. Олардың ішінде транзитпен келгендердің саны 97 (Қырғызстан – 23, Өзбекстан – 37, РФ – 16, Украина – 18, Оңтүстік Корея – 2, Тәжікстан - 1)», - делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу