Украина Жоғарғы палатасының депутаты Алексей Гончаренко президенттің елде жүргізіп отырған саясатының ел дамуына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты. Бұл туралы «Страна.ua» агенттігі хабарлайды.
Гончаренко кадр саясатының ақсап тұрғанын да тілге тиек еткен. Жан басына шаққандағы кедейлік деңгейінің мөлшерден түсіп кеткенін жиын қатысушыларының назарына ұсынды.
Сөз соңында Гончаренко президенттен отставкаға кетуін сұрады.
Бұдан кейін Зеленский Гончаренконың жанына барып, жеке басқа қол сұқпауын сұрады. Сондай-ақ, Гончаренконың қол алысуға жасаған талпынысын жауапсыз қалдырды.