Дүниежүзінің 28 елінен келген 500-ден аса адам бүгін Алатау баурайындағы шаһарда басталған «Almaty invest» форумында бас қосты. Беделді саясаткерлер мен бизнес көшбасшылар, инвестициялық менеджерлер және қаржы саласының сарапшылары өз ойларын ортаға салды. Елімізде инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Соның нәтижесінде соңғы екі жылда жеке инвестиция 25 пайызға, шетелдік инвестиция көлемі 20 пайызға артқан.
Мирас МҰҚАШ