Коронавирус балалар мен жасөспірімдерге сирек жұғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус балалар мен жасөспірімдерге сирек жұғады

04.03.2020
Коронавирус балалар мен жасөспірімдерге сирек жұғады

ҚХР-дың Ауруларды бақылау және профилактика шараларын жүргізу орталығының зерттеу нәтижелері осыны көрсетті. Дәлірек айтқанда, 19 жасқа дейін жұғу мүмкіндігі 1 %-ды құрайды. 

Ал ресейлік Медициналық паразитология институтының директоры Александр Лукашевтің айтуынша, вирус балалар үшін қауіпсіз болуы мүмкін. Бірақ эксперт мұндай тоқтамға келу үшін әлі де көптеген зерттеулер қажет дейді. 

Жасөспірімдердің иммунитетінің бұл вирустан қорғану мүмкіндігі жоғары. Коронавирусқа 60 жастан асқан созылмалы ауруы бар науқастар жиі шалдығады. 

Сондай-ақ, Биология және биомедицина институтының директоры Мария Ведунованың айтуынша, адамның иммунитеті жасы ұлғайған сайын әлсірей береді. Сондықтан адам қартайғанда кез келген вирусты тез қабылдап алады. 

Статистикаға сәйкес, вирус жұқтырғандардың 87 %-ы 30-79 жас аралығында. 

Аурудың қаншалықты ауыр өтетіні де адамның жасымен байланысты. Жас ұлғайған сайын ауыр өтеді. Бұл барлық жұқпалы ауруларға да байланысты. Бірақ ересек адамдар тұмаумен балаларға қарағанда жалпыс саны бойнша көп ауырғандықтан, ағзада иммунитеттік қорғаныш пайда болады. Ал балалар ересектермен салыстырғанда азырақ ауырған соң оларда тұмауға қарсы иммунитет қалыптаспайды. 

Сондай-ақ, вирус ана сүті арқылы жұқпайды. Анадан балаға мұрагерлік жолмен берілмейді.

Қаңтар айының аяғында Харбин ауруханасына 38 апталық жүктілікпен коронавирус жұқтырған әйел адам түсті. Дәрігерлер ана мен баланы аман сақтап қалу үшін баланы мерзімінен бұрын туғызуға бел буады. Ақ халаттылар кесір әдісін жасап, қыз бала өмірге келеді. Сәбиді коронавирус жұқтырған деген күдікпен карантинге жібереді. Бірақ екі рет алынған талдау теріс нәтиже көрсетеді.

Әйел жатырын зерттеген дәрігерлер ана мен баланың арасында қарым-қатынас болмаса, балаға вирус жұқтырмауға болады деген тоқтамға келді. 

Сонымен бірге, ғалымдар коронавирус жұққан жағдайда баланың иммундық жүйесі әлі қалыптаспағандықтан вирусқа қарсы тұра алмауы мүмкін деген болжам жасап отыр. Бірақ жаңа туған нәресте қоршаған ортамен үнемі байланыста болмағандықтан вирус жұқтыру тәуекелі - төмен. 

Хабарламаларға жазылу