Twitter қызметкерлері жұмыстарын үйде отырып істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Twitter қызметкерлері жұмыстарын үйде отырып істейді

03.03.2020
Twitter қызметкерлері жұмыстарын үйде отырып істейді

Twitter-дің мұндай шешімге келуіне коронавирустың етек алуы себеп болып отыр. 

Компанияның Гонконгтағы, Жапониядағы, Оңтүстік Кореядағы қызметкерлері жұмысты үйде отырып істеуге міндетелді. Басқа елдердегі қызметкерлерінің жұмысқа келе берулеріне болады. Бірақ компания барлық қызметкерлерінің өз жұмыстарын үйде отырып атқаруына мүдделі болып отыр. Мұндай қадамға кадрларын ауыр дерттен аман сақтап қалу мақсатында барып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін коронавирусқа шалдыққандар саны 90 800-ден асты. Бүгінге дейін 3 115 адам осы дерттен көз жұмды. Вирусты жеңіп, құлан таза айыққандар саны - 47 871.

Газета.ru

Хабарламаларға жазылу