Президент қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды

30.10.2020

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды. 

«Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын.
Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты», - деп жазды Президентітң Twitter-де. 

Асима Нұрбайқызы

карантин Президент Twitter коронавирус

Хабарламаларға жазылу