Түркия президенті Ердоған Еуропалық одақ бөлген миллиард доллардан бас тартты. Ол мұның себебін қаражаттың босқындардың мәселесін шешуге жеткіліксіз екендігімен түсіндірді.
Идлибтегі атыстан кейін Түркия мигранттар мен босқындарға баспана бола алмайтынын айтқан еді. Осылайша Еуропаға өтетін қақпаны ашқан. Бұдан кейін Грекияға мыңдаған мигрант ағылды. 3 күннің ішінде 20 мың босқын шекарадан заңсыз өтуге тырысқан. Грекияның жүздеген полицейі шекарадан өткізбеуге күш салуда. Алғашқы тәулікте 66 мигрант, екінші тәулікте 73 босқын тұтқындалды.
«Біз жауапкершілікті әділетті жолмен бөлуді күттік. Бірақ жауапсыз қалды. Еуропалық одақ 2016 жылдың 18 наурызында қол қойылған келісімнің шарттарын толық орындамады. Олар тағы миллиард евро аударатынын айтты. Түркия босқындарға 40 миллиард доллар жұмсады. Ары қарайғы қаржыны да таба алады. Біз енді бұл ақшаны алмаймыз» деп айтты Ердоған пресс-конференцияда.
Сондай-ақ, ол дүйсенбіде екі мигрант шекарашалардың қолынан көз жұмғанын да тілге тиек етті.
ria.ru