АҚШ пен «Талибан» бейбіт келісім жасасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен «Талибан» бейбіт келісім жасасты

02.03.2020

Катар астанасы Дохада қол қойылған құжатқа сәйкес, Құрама Штаттар мен НАТО әскері Ауғанстаннан 14 айда шығарылуы тиіс. Сонымен қатар, Вашингтон террористік деп таныған топты санкциядан босатып, елдің ішкі саясатына араласпауға уәде беріп отыр. Ал, «Талибан» ел аумағында шабуыл жасамауға және ауған үкіметінің қамауындағы 5 мың тәліпті қауіпсіздік күштерінің 1 мың қызметкеріне айырбастауға келіскен. Егер, аталған талаптар орындалса, Америка 135 күнде елдегі сарбаздарының санын 1,5 есеге, яғни 8600-ге дейін азайтпақ.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу