Грузиядан әкелінген 1 тоннадан астам қауіпті мандарин өртелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузиядан әкелінген 1 тоннадан астам қауіпті мандарин өртелді

02.03.2020
Грузиядан әкелінген 1 тоннадан астам қауіпті мандарин өртелді

Елордалық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар фитосанитарлық бақылау барысында Грузия елінен Комсток сымыры зиянкесін жұқтырған мандариндердің ірі партиясын анықтады. 

Карантиндік зиянкестердің таралып кетпеуі үшін ҚР АШМ инспекторлары 1 210 келі қауіпті мандаринді тәркілеп, зиянды жемістер экополигон аумағында өртелді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар аталмыш факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 025 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетсек, Комсток сымыры зиянкесі негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, долана, катальпа, цитрустар, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқа да көкөністерді зақымдайды. Комсток сымыры таралған кезде өсімдіктердің жаппай қурауына алып келеді.

Хабарламаларға жазылу