Қазақстанда 69 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 69 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды

27.03.2023

Шетелден әкелінген 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, заңдастырудың негізгі критерийлерінде көлік құралының сәйкестігін алдын ала тексеру процесі толық автоматтандырылған. Қылмыстық есеп, кедендік база және басқа да ақпараттық жүйелер бар.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

Ағымдағы жылдың 23 қаңтары мен 26 наурызы аралығында 69 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды. Оның ішінде 67 пайызы - Ресей Федерациясынан, 19 пайызы - Армениядан, шамамен 10 пайызы - Қырғызстаннан, шамамен 2 пайызы – Грузиядан.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу