ҰБТ енді онлайн түрде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ енді онлайн түрде өтеді

29.02.2020

Былтыр ҰБТ-ны 110 мың адам тапсырған, оның 82 мыңы шектік балды жинаған. Өткен жылдан бері тестіге енген тың жаңалықты естідіңіздер ғой. Бір емес, төрт рет тапсыруға болады. Үшеуінде ақылы оқу орындары сарапқа салынса, маусымдағы сынақ мемлекеттік грантты иеленуге мүмкіндік береді. 

Бірақ биыл бәрі өзгермек. Енді сынақ үстінде талапкерлер бір-бірінен көшірсе, болмаса тексерушілер кей пысықтардың тәртіп бұзғанын, көмекші құралдарды қолданғанын көрмегенсіп көз жұмса мұның барлығын онлайн режимде Digital agent қосымшасы арқылы бақылаушыларға хабарлауға болады. Сол үшін аудиторияның барлығын бейнебақылау камераларымен жабдықтады. Айтпақшы бұрын мемлекеттік грантты ұтып алу үшін түрлі ғылыми байқаулардан алған дипломдар жеткілікті еді. Ал биыл тәртіп өзгерді. Талап қатаң. 

Еркін СЪЕЗҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу