Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында банкоматты жарған күдікті түс ауа қолға түсті. Ол 1995 жылғы Ақсу қаласының тұрғыны болып шықты. Бұған дейін белгісіз біреудің Еуразиялық банк ғимаратында жарылыс ұйымдастырғанын хабарлаған болатынбыз. Түннің бір мезгілінде күдікті шарға толтырылған гелий газын банкоматтың ішіне жіберіп, шырпы жаққан. Іле жарылыс болған. Оқиға орнынан шардың қалдықтарынан өзге жарылғыш заттар табылмады. Ал банкомат сынып тұрғандықтан ішінде ақша болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Тергеу жалғасуда.
Болат АМАНБАЕВ