Полицейлер қызметтік планшеттерін ломбардқа өткізіп жіберген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлер қызметтік планшеттерін ломбардқа өткізіп жіберген

26.02.2020

Шымкент қаласының полицейлері қызмет бабымен пайдалануға берілген планшеттерді ломбардқа өткізіп жіберген. Жол-патрульдік полкының 6 қызметкері мемлекет мүлкін пайдаланып, несие қаржы алған. Бұл жәйтті Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметі анықтады. Мұндай ақпарат бұрынғы полиция капитанына қатысты сот процесі кезінде белгілі болды. Тергеп-тексеру барысында отбасылық жағдайы, жалақаның аздығына байланысты осындай заң бұзушылыққа барғанын полицейлер мойындады. Олардың барлығы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, өзге қызметке ауыстырылды. Жалпы полиция қызметін оңтайландыру үшін қазынадан 259 миллион теңге бөлініп, оған жалпы саны 1 мың 402 гаджет сатып алынған болатын. Планшеттердің 70-ке жуығы жол патрульдік полициясы қызметкерлеріне берілген.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу