Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімін қабылдады. Жеңіс Қасымбек Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөнінде есеп берді. Атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларындағы өндірістің өсімі туралы ақпарат берді. Туристік кластер қалыптастырудың амалдарын айтты. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруға, соның ішінде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар еңбекке жарамды адамдарды жаппай жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтті. Президент Қарағанды облысындағы көктемгі су тасқыны жағдайын мұқият бақылауға алып, төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті дайындық шараларын жүргізуді тапсырды.
Ербол МӘНДІБЕК