Заңға «Психикалық денсаулық сақтау» тармағын енгізуге сарапшылар қарсылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңға «Психикалық денсаулық сақтау» тармағын енгізуге сарапшылар қарсылық білдірді

24.02.2020

Бүгін қоғам белсенділері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жобасын талқылады. Сарапшылар заңдағы «Психикалық денсаулық сақтау» тармағын енгізуге қарсылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, мектеп жасындағы балаларға психиатриалық диагностика жасау жеткіншектердің құқығын шектейді. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар скринингтік зерттеулер, медициналық көмектің қолжетімділігі, жастардың жыныстық сауатын арттыру, медициналық кадрларды даярлау сапасын және вакцина қауіпсіздігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты. Сарапшылар қазіргі кезде шекарадан тек сапалы әрі тексерілген вакциналар өтетінін жеткізді.

Азаматтық қоғам өкілдері 16 жасқа дейінгі балаларға ата-анасының келісімінсіз консультациялық және диагностикалық көмек көрсету мәселесі де көтерілді. Жалпы, жиын барысында қабылданған ұсыныстар Парламенттің талқысына ұсынылады. Мемлекет басшысы қол қойғанға дейін көптеген өзгеріс енгізілетінін айтты министр.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу