Байқоңыр қаласында қордаланған мәселе көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқоңыр қаласында қордаланған мәселе көп

21.02.2020

Ресейге жалға берілген Байқоңыр қаласында қордаланған мәселе көп. Бірақ бірден шешу мүмкін болмай отыр. Себебі қос елдің заңы жүретін аймақта бір-бірінің келісімінсіз үлкен өзгерістер жасауға болмайды. Бұл мәселе бүгін Сенатта Қызылорда облысының дамуына арналған жиында көтерілді.

Байқоңыр қаласында 90 мыңға жуық Қазақстандық тұрады. Олардың көбі қазір екі қолға бір күрек таппай әлек. Оның үстіне қос елдің де заңына бағынышты азаматтар үшін жеке кәсіп ашу да тиімсіз. Сондай-ақ қаладағы 12 мектептің жетеуі Ресей қарамағында. Демек, сол елдің бағдарламасымен оқиды. Яғни, олар Қазақстанның өзге қалаларындағы жоғары оқу орындарына түсе алмайды. Себебі аттестатында ұлттық бірыңғай тестілеуге қажет пәндер жоқ.  

Сыр өңіріне қатысты осы және өзге де мәселелер мемлекеттік деңгейде қаралып, үкімет аралық комиссия арқылы шешілетін болды. Ал Парламент Сенаты тарапынан қатаң бақылауға алынбақ.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу