Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы нөмірі 6-шы қазақ орта мектебі карантинге жабылды. Оқушылардың 30 пайызы тұмау және жедел респираторлық вирусқа шалдыққан. Қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша, мұндай жағдайда арнайы қаулыға сай оқу ордасы міндетті түрде сабақты тоқтатуы тиіс. Сонымен қатар, облыс орталығындағы басқа мектептердің жекелей, бас аяғы 31 сыныпта дәріс тоқтатылды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, аудандарда әзірге балалардың жаппай сырқаттануы тіркелген жоқ.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ