Белгілі архитектор, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдісағит Тәтіғұлов өмірден өтті. Заңғар тұлғаның дүние салуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Әбдісағит Шаймұханбетұлы құрылыс саласын дамытуға үлкен үлес қосқан қайраткер. Ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетті. Соңына өшпес із қалдырған Әбдісағит Тәтіғұловтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.», – делінген жеделхатта.