Еліміздің экспорттық өнімдеріне қолдау көрсетіледі. Осы бағытта Үкімет 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Оның әрі қарай жұмыс істеу реті бүгін экономист сарапшылардың бас қосқан дөңгелек үстелінде талқыланды. Осы құжат негізінде экспорттық тауар өндірушілерге жалпы ішкі өнімнің 1 пайызы бөлінеді. Бұған дейінгі көрсеткіш 0,23 пайыз болатын. Екінші, «Қазақэкспорт» арнайы компаниясы құрылды. Енді барлық тауар тек осы компания арқылы сыртқа шығады. Үшінші, қаржыландыру тетіктері көбейді. Бұрын тек алты бағыт болса енді 10 түрлі қаржыландыру жобасы іске асады. Жалпы, елімізде 5 мың тауарлық позиция тіркелген. Соның 700-і экспортқа шығып келді. Ал, жаңа бағдарлама бойынша шикізаттық емес бағыттағы 116 тауарға басымдық беріледі.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ