Бүгінде жолаушылар тасымалы үшін шекара жабылған. Тек көрші елге өтіп кеткен саудагерлеріміз бар. Қазір олар оралғысы келеді. Қайтып келген жағдайда біз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет екенін айтты министр. Жалпы елімізде коронавирусқа байланысты қазақстандықтардың денсаулығын тексеру жұмыстары күшейтілмек. Бұған дейін тек Қытайдан келген азаматтар бақылауда болған болса, енді жұқпалы індет тараған елдерден келетіндердің барлығы дерлік медициналық тексеруден өтеді.
Жұқпалы вирус әлемнің 30-ға жуық еліне тарап үлгерді. Сондықтан сол мемлектетерден келетіндер жіті тексеріледі. Әсіресе, Сингапур, Жапония, Таиланд, Оңтүстік Корея, Гонконгтан келген азаматтар 24 күн бойы бақылауда болады.
Министр сондай-ақ ел арасында емханаларда бетперде жоқ деген қауесетке нүкте қойды. Сондай-ақ қауіпті аймақтан келген кейбір азаматтар карантиннен бас тартса айыппұл салынады.
Ал Круиз лайнерінде қалған төрт азақстандықтың екеуінде коронавирус анықталмапты. Қалған екі адам бойынша ақпаратты күтіп отырмыз деген бас дәрігер, енді кемедегі отандастарымызды елге қайтару жұмысытары жүріп жатқанын жеткізді. Ал кеше Уханьнан украина азаматтарын эвакуациялау кезінде екі қазақстандықтың біреуінің қызуы көтеріліп сонда қалып қойған. Егер жағдайы жақсарса ол азамат та елге қайтды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ