Моңғолияда барлық оқу орындары карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолияда барлық оқу орындары карантинге жабылды

20.02.2020

Моңғолияда коронавирусқа байланысты барлық оқу орындары карантинге жабылды. Балабақшалар, мектептер мен университеттер наурыздың 30-на дейін жұмыс істемейді. Қытайда жұқпалы инфекция қарқынмен тарап жатқандықтан, жергілікті үкімет осындай шешім қабылдап отыр.

Ел аумағында қауіпті вирус анықталмады. Дегенмен, шекара жабылып, саяхаттаушыларға Моңғолияға өтуге тыйым салынып отыр. Биліктің хабарлауынша, Қытайда отанына оралғысы келетін әлі 336 моңғол азаматы бар.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу