Xiaomi вирустардан қорғайтын «ақылды» бетперде жасап шығармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Xiaomi вирустардан қорғайтын «ақылды» бетперде жасап шығармақ

20.02.2020
Xiaomi вирустардан қорғайтын «ақылды» бетперде жасап шығармақ

Xiaomi компаниясы вирустардан қорғайтын «ақылды» масканы патенттеді. Бұл маскалар ластанған ауаның мөлшерін анықтауға, масканың киіп жүру уақытын назарда ұстауға және басқа да көрсеткіштерді бақылауға мүмкіндік береді. Бетперде арнайы мобильді қосымша арқылы басқарылады.

Олардың ішінде процессоры бар арнайы модуль болады. Модульде ақпарат сақтайтын құрылғы, батарея блогы және мәлімет алмасатын таратқыш орналасады. 

Жалпы, маска ауаны фильтрден өткізіп тазалайды және пайдаланушының қанша уақыт бойы киіп жүргенін көрсетіп тұрады.

Қорғаныс бетпердесінің бағасы қанша болатыны әзірге белгісіз.

91mobiles.com

Хабарламаларға жазылу