Жапония ұшатын автокөліктер жасап шығармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония ұшатын автокөліктер жасап шығармақ

18.12.2018

Жапонияда ұшатын автомобиль технологиясын қолдауға 40 миллион долларға жуық қаражат бөлінеді. Мұны елдің Экономика, сауда және индустрия министрлігі мәлімдеп отыр. Сондай-ақ, жергілікті үкімет авиация, көлік жасау және ақпараттық технология компанияларының басын біріктіріп, оперативтік топ құрды. Оған жүктелетін негізгі міндет – әуе машинасын құрастыру жолында Жапонияны еуропалық, америкалық және қытайлық бәсекелестерден оздыру.

Айта кетсек, жапон үкіметі ұшатын автомобильдерді 2020 Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында әлемге паш етуден үмітті.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу