Боран бас қаланы ғана емес, басқа да облыстарды әбігерге салып отыр. Әсіресе елдің солтүстік аймақтарындағы ахуал қиын. Бірнеше облыста барлық бағыттағы жолдар жабылған.
Қарағанды облысында ірі елді мекендердің шыға берісі жол сақшыларының бақылауында.
Солтүстік аймақтағы барлық облыста төтенше жағдай қызметі күн-түн демей жұмыс істеуде. Мәселен, Теріскейде 100-ден астам көлік пен 241 адам құтқарылған. Ал Ақмола облысы аумағында 51 адам уақытша жылыту орындарына жеткізілсе, 37 көлік әлі де қар астында.
Қостанайда көз аштырмайтын боран кеше басталған. Ескертуге қарамай жолға шыққан 41 көлік далада қалған.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік аймақтарда алдағы екі тәулікте әлі де қар жауады. Атлантикалық циклон күшейіп, боранның соғуы да жалғасады.
Амангелді СЕЙІТХАН