Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Ол орынсыз шығындарды азайтуды ұсынды.
Бюджеттің қаржысын бей-берекет шашпауды Мемлекет басшысы былтыр сәуір айында айтқан. Ал биыл қаңтарда қаржы министріне қайтадан қадап тапсырды. Сол бағытта тиісті талдау жүргізген ведомства басшысы бүгін өз ұсыныстарын ортаға тастады. Оның сөзінше, бюджеттің 129 миллиард теңгесін үнемдеу көзделуде.
Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық холдингтер мен компаниялар өзара келісіп, ал, жергілікті әкімдіктер мәслихаттармен бірлесе отырып, өңірлердің басы артық шығындарын азайтуы керек екенін айтты. Тапсырманы орындауды Алматы облысы бастап та кетіпті.
Үнемделген құмақты қаржы қайда және қашан жұмсалады? Ол жағы әзірге беймәлім. Дегенмен мұның өзі әлеуметтік салада қордаланған түйткілдерді шешуде тағы бір маңызды қадамы болмақ.
Амангелді СЕЙІТХАН