Сенат коронавирусқа қарсы қосымша қаржы бөлуді қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат коронавирусқа қарсы қосымша қаржы бөлуді қолдады

29.10.2020

Биыл республикалық бюджет шығындары 240 миллиард теңгеге көбейіп, 14,5 триллионға жетті. Бұл сомадан медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсетіліп, коронавирустың екінші толқынына қарсы шаралар қолданылады. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. 

Сондай-ақ Ұлттық қордан алынатын кепілдендірілген трансферттің мөлшері мақұлданды. Бұл ретте депутаттар Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен облигациялық қарыз-қаражаттардың дұрыс игерілмеуіне алаңдаулы. Мысалы, білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу бойынша биылға жоспарланған қаржының 25 проценті игерілмеген. Ал жылдың аяқталуына небары 2 ай қалды.

Фариза Мұсақызы

Сенат бюджет коронавирус

Хабарламаларға жазылу