Қордайда полиция қызметкерлерімен жаға жыртысқан ағайынды үшеу қамауға алынды. Прокуратураның мәліметінше, олар өз кінәларын мойындаған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Жалпы, Қордайдағы жағдай қазір қалыпты. Аудандағы 5 ауылда оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткіші 91 пайызға жетті. Бастапқыда оқушылардың небәрі 11 пайызы ғана сабаққа қатысқан. Өткен аптада елді мекендерді аралап, қалпына келтіру жұмыстарын өз көзімен көрген өңір басшысы Бердібек Сапарбаев балалардың түгел сабаққа келуін қамтамасыз етуді сала басшыларына қадап тапсырды. Ата-аналардың арасында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі сабаққа келген.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ, Ақерке БЕРІКБЕК