Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы «Қазақстан» көмір шахтасында өрт шығып, жер астынан 116 адам эвакуацияланды.
Төтенше жағдай 15 ақпанда сағат кешкі 21:30 шамасында болды. «Өртке 100 метр тереңдікте метанның жануы себеп», - дейді мамандар. Абырой болғанда, шахтадағы газ мөлшерін бақылайтын құрылғылар арқылы тау-кен диспечерлік бөліміне дер кезінде ақпарат түсіп, кеншілер аман-есен сыртқа шығарылған.
Тілсіз жауды сөндіруге сол күні кәсіби-авариялық құтқару қызметінің 60 маманы мен 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.
Руслан Нұрланұлы