Президент Мюнхен конференциясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Мюнхен конференциясына қатысты

16.02.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысқан, сапар аясында бірқатар мемлекет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілері және неміс кәсіпкерлерімен кездесті.

Бұл конференцияға орай тоқталғымыз келетін деталь бар.

2007 жылы Ресей президентінің осы жиында сөйлеген сөзі үлкен қоғамдық резонанс туғызып, біздің уақыттың саясаттанушылары оны «жаңа қырғи-қабақ соғысының басы» деп сипаттағаны мәлім. Қарапайым қайырғанда, сол кезде В.Путин Батыс әлемін Ресеймен санасуға шақырған. Көнбегесін, жоспарының екінші пунктін іске қосты - «қалауларың білсін, онда біз тәуелсіз саясатымызды жүргіземіз». Әрине, бұл өте қарапайым сипаттама.

Мәселенің қатпары қалың, содан бастау алатын драмаға толы оқиғалар аз емес. Украинаның қазіргі ахуалы – бір мысал. Демек әлемдік саясаткерлер мен ірі сарапшылар сигнал беретін алаң – Мюнхен конференциясы десе елеңдеп тұратын болдық.

 Иә, биыл 56 рет ұйымдастырылған Мюнхен конференциясы әлемдегі қауіпсіздік бойынша саясатты талқылайтын жиын. Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жүрген конференция. Ал биыл Қазақстанның Президенті ретінде барды.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу