Петропавл қаласын қардан тазалап үлгермей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл қаласын қардан тазалап үлгермей жатыр

13.02.2020

Петропавлда коммуналдық қызмет қаланы қардан тазалап үлгермей жатыр. Жұмыс баяу жүріп жатқандықтан, көше тегіс көктайғақ. Тіпті, қоғамдық көлік қатынасы қиындап, мұзға тайған автобустарды жолаушылардың өздері итеріп әлек болады. Ал мекеме жұмысшылары көктайғаққа қарсы жол бойына тұзды қолдарымен уыстап шашуға мәжбүр. Солай бола тұра, қалалық тұрғын үй шаруашылығы барлық жұмыс жоспарға сай жүргізіліп жатқанын айтады. Дегенмен, өз жұмысына салғырт қараған екі бірдей жауапсыз мердігер компаниямен келісім шарт үзілді.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу