Жапониядағы карантинде тұрған круиздік кемеде 4 қазақстандық бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапониядағы карантинде тұрған круиздік кемеде 4 қазақстандық бар

13.02.2020

Жапонияның Йокогама портының жағалауында тұрған саяхатшылар кемесіндегі 3700 адамның төртеуі - қазақстандықтар. Мұны бүгін еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Сонымен қатар Камбоджа жағалауында тағы бір саяхатшылар кемесі коронавирустан тексеріліп жатыр. Оның бортында 1455 жолаушы мен экипаждың 800-ден астам мүшесі бар. Олардан алынған қан тікұшақпен ел астанасы Пномпендегі Пастер институтына жіберілді. 

Лайнер теңізде екі апта жүрген. Бірақ оны бес мемлекет вирустан қауіптеніп, өз порттарына қабылдамай отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу