Жапония портында тұрған круиздік кемеде екі адам коронавирустан қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония портында тұрған круиздік кемеде екі адам коронавирустан қайтыс болды

20.02.2020

Марқұмдардың екеуінің де жасы 80-де. Мұны бүгін елдің Денсаулық сақтау министрлігі растады. Осылайша бұл мемлекетте қауіпті инфекция құрбандарының саны үшеуге жетіп отыр. 

«Diamond princess» саяхатшылар лайнері ақпанның 3-де карантинге жабылып, Йокогама портына қойылды. Оның бортындағы 3700 адам өткен тәулікте босатыла бастады. 

Сейсенбіде еліміздің Cыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, бұл кемеде демалған қазақстандықтар таяуда елге оралады. Егер олар коронавирус жұқтырса, Жапонияда емделеді. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу