Мәскеудегі қазақтар Жеңістің 75 жылдығына орай арнайы сайт әзірлемек. Оған майдангерлеріміз бен тылда еңбек еткен ардагерлеріміз туралы ақпарат жарияланады. Өйткені соғысқа аттанып, хабар-ошарсыз кеткендердің қатары жүзден асады. Сол бабаларымыздың ұрпақтары Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, іздеу жұмыстарын қолға алды.
Индира Бегайдар