Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Ислам қаржыландыру жүйесін алдымен заңдастырып, табысты жұмыс істеп келе жатқан жалғыз мемлекет. Бүгін аталған саланың әлемдік үздігі Малайзиядан келген қаржыгерлер, отандық мамандармен өз білген-түйгенімен бөлісті. Малай елінде исламдық қаржының дені «жасыл» экономикалық жобаларға бет бұрған. Ислам қаржыландыру жүйесі бұл тек қана дәстүрлі банк саласы ғана емес, шетелдік инвесторларды тартудың төте жолы.
Жалпы, шариғатқа сай қызмет көрсететін қаржы ұйымы үстеме пайызға тыйым салған. Доңыз, ішімдік, ойын-сауық және қару-жарақ өндірісіне түбегейлі қарсы. Ұлыбритания, АҚШ, Гонгконг, Франция секілді елдерде банк берік орныққан. Әзірге отандық қаржы секторының 1 пайызын ғана Ислам банкінің өнімдеріне тиесілі..
Ғабит БӨКЕНБАЙ