Қазақстандық халал өнімдер әлемдік нарыққа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық халал өнімдер әлемдік нарыққа шығады

16.09.2022

Елордада өткен дін көшбасшылары съезінің аясында «Қазақстанның халал индустриясы қауымдастығы» Малайзияның Исламдық даму департаментінің өкілдерімен кездесті. Жиында халал өнімдер секторын дамыту, өндіріс пен қызметтерді ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның халал өнімін әлемдік нарыққа экспорттауды қаржыландыру, сақтандыру және ілгерілету мәселелері сөз болды. Қазіргі уақытта 3000-нан астам қазақстандық компания сертификатталған. Осы форматтағы кездесулер отандық қана емес, жаһандық Халал нарықтың одан әрі дамуына ықпал етеді, дейді мамандар:

Марат Сәрсенбаев, Қазақстандағы халал индустрия қауымдастығының төрағасы:

Әлемдегі «Джаким» системасында сертификатталған біздің Қазақстаннан басқа ел жоқ. Сондықтан бұл жағынан ТМД елдері бойынша лидерміз.


Хабарламаларға жазылу