Коронавирус жұқтырғандардың саны 45 мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырғандардың саны 45 мыңға жетті

12.02.2020

Қытайда коронавирустан тағы 97 адам қайтыс болды. Осылайша, жаңа пневмония құрбандарының саны 1113-ке жетіп отыр. Ал оны жұқтырғандар 45 мыңға жуықтап қалды. Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, осы ауруға шалдыққан талай адам есепке алынбаған болуы керек. Қытай қазір жұмбақ вирустың таралуына шектеу қою үшін өзінің почта қызметін түгелдей дезинфекциялап жатыр. Өйткені сәлемдемелер мен хаттар арқылы коронавирус Қытаймен көршілес Солтүстік Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан сияқты елдерге жетуі мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа COVID-19 деген ат берді. Бұл атаудың қандайда бір географиялық кеңістікке, жануарларға, адамдар тобына ешқандай қатысы жоқ. COVID-19 айтуға жеңіл және оның ғаламды шарпыған ауруға тікелей қатысы бар. Мұны Женевада осы ұйымның бас директоры мәлімдеді. Оның сөзінше, коронавирус қазір бүкіл әлемге үлкен қауіп төндіріп тұр.

 Ал Жапонияның Йокогама портының жағалауында тұрған круиздік кемеде бұл вирусты жұқтырғандар 174-ке жетті. Мұны осы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеп отыр.

Ақпанның 3-де екі апталық карантинге жабылған саяхатшылар лайнерінің бортында 3700 адам болды. Солардың науқастанғандары госпитальдерге жеткізіліп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу