А.Көлгінов: Нұр-Сұлтанға жыл сайын 50 мың адам көшіп келеді

12.02.2020
А.Көлгінов: Нұр-Сұлтанға жыл сайын 50 мың адам көшіп келеді

Жыл сайын 50 мыңнан аса адам елордаға көшіп келеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов айтты.

«Бастапқыда елорда болып құрылған уақытта халық саны 400 мың адам болатын. Қазір 1 миллион 200 мың адам. Халық саны артып келеді. Сол кезеңде 4,5 мың бала дүниеге келетін, қазіргі уақытта 25 мың бала дүниеге келеді. Бұл - жақсы үдеріс. Балалардың дүниеге көптеп келгені бізге жақсы, отбасылар кеңейеді. Жыл сайын 50 мыңнан аса адам ел астанасына көшіп келеді, соның есебінен халық саны да өседі», - деді қала әкімі халыққа есеп беру кездесуінде.

Хабарламаларға жазылу