Көпбалалы аналар, мектеп оқушылары және мұғалімдер құрақ көрпе тігудің қыр-сырын меңгерді.
Бастапқыда шара 200 адамға жоспарланған. Алайда қатысуға ниет білдіргендер саны 300-ге жетіп жығылды. Мәжіліс залына сыймағандары дәлізде отырып іс тігуден де қашқан жоқ. «Бұл - ұлттық өнерімізге деген құрмет», - дейді ұйымдастырушылар.
Еңбегі үздік деп танылған 30 әйелге тігін машинасы мен ақшалай сертификат беріледі.
Жақсыбек Кемал