Қордайдағы жанжалға қатысты 25 қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордайдағы жанжалға қатысты 25 қылмыстық іс қозғалды

10.02.2020

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты 25 қылмыстық іс қозғалды. Үкіметтік комиссия бүгін Масаншы, Аухатты, Сортөбе, Қаракемер ауылдарында 3 күн бойы жүргізілген жұмыстардың алғашқы қорытындысын жария етті.

Сапарбаевтың айтуынша оқ атылып, үй мен көліктер өртенген елдімекендерде қазір жағдай тұрақталып келеді. Кінәлілерді жазалау үшін жаппай тәртіпсіздік және оған шақыру, адам өлтіру, бұзақылық, полицияға күш көрсетіп, өзгенің мүлігін жою мен қару қолдану секілді баптар бойынша 25 қылмыстық іс қозғалған. Ал дүкен, мектеп пен балабақшалар қайта ашылып, жұмысын бастады. Тәртіпсіздік кезінде Қырғызстанға қарай қашқан 24 мың адамның 4 мыңы қайтадан Қордай ауданына оралды дейді вице-премьер. Ал төбелес кезінде жарақат алған 170 адамның 41-і ауруханада. Олардың жартысы Алматыда қалғаны Жамбыл облысында ем алып жатыр.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу