Ақмола облысында тағы да жолдар жабылды. Қазір боранға байланысты аймақтағы бірнеше бағыт бойынша қозғалыс шектелген. Кейбір аудандарда көктайғақ. Өткен түннен бері құтқару жұмыстары да басталып кетті. Бірнеше көлік қар құрсауынан шығарылған. Ерейментау, Ақкөл, Шортанды, Астрахан және Атбасар аудандарында қатты жел тұрып, боран соға бастады. Ауа-райы жақсармаса, Нұр-Сұлтан - Щучье, Нұр-Сұлтан - Атбасар жолдары жабылмақ. Синоптиктер алдағы күндері де қар көп жауады деп болжап отыр.
Ермек ЕЛБЕРГЕН