Нұр-Сұлтан қаласындағы №73 мектеп-лицейдің оқушылары Әлихан мен Дулат мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арба үшін әмбебап құрылғы ойлап тапты. Арбаның қозғалысы тетік арқылы басқарылады. Өте тиімді. Онымен адам еркін қимылдай алады. Мейкатон марафоны кезінде жасалған тың жоба қазір жетілдіріліп жатыр.
Ақерке Берікбекқызы