Алматылық өнертапқыштар экологияны жақсартатын құрылғы ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық өнертапқыштар экологияны жақсартатын құрылғы ойлап тапты

29.07.2021

Алматылық өнертапқыштар көліктен шығатын улы заттарды 50 пайызға дейін азайтатын құрылғы ойлап тапты. Шоқан Оразай мен Тимур Тілеухан бұл жобаны бес жыл бұрын қолға алған. Басты мақсат шаһар экологиясын жақсарту. Сонымен қатар жанармай отынын орташа есеппен 20 процентке дейін үнемдеуге көмектеседі. Оны дәлелдейтін тиісті құжаттары бар. Евразиялық одақтың сапа сертификаты мен Қазақстанның патентін де алған.

Шоқан Оразаев, жоба авторларының бірі:
«Казгидромет» бірігіп басқа мекемелер бізге тұжырымдама берді. Бұл мотордың ішіндегі отынды барынша белсенді жағады. Яғни экологияны жөндейді. Көліктен шығатын түтін бірнеше есе тазарады.

Бұл құрылғыға қазір әлемнің бірнеше елі қызығушылық танытып отыр. Қазірдің өзінде шетелдерге мыңнан аса данасы сатылған. Өнертапқыштардың арманы мемлекет осыған көңіл бөліп, қолдау көрсетсе дейді. Әйтпесе идеяны сатып алушылар күнен-күнге көбейіп жатқан көрінеді.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу