«Balapan» арнасының жүргізушісі Ләйлім Рысқали республикалық «Жас журналистер-2019» байқауында бас жүлдеге ие болды. 6 ақпанда елордадағы «Kidburg» кәсіптер қалашығында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шараға байқаудың ұйымдастырушысы «Түркітілдес журналистер қорының» жетекшісі Назия Жоямергенқызы, «Balapan» арнасының директоры Мақпал Жұмабай және жас журналистер мен ата-аналар қатысты.
«Balapan» арнасының директоры Мақпал Жұмабай марапаттау рәсімінде еліміздегі балаларға арналған басты арнаның 10 жылдық мерейтойына орай өткізілетін іс-шаралармен таныстырды.
Айта кетейік, Ләйлім Рысқали Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақынның өлеңдерін оқу эстафетасын жолдап, көпшілікке танылған еді.