Көкшетауда волонтерлар мектебі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда волонтерлар мектебі ашылды

06.02.2020

Көпшілікке көмек көрсетуге, қоғамға пайда тигізуге құштар жандар 3 ай бойы арнайы дәріс алмақ. Олар теориялық және тәжірибелік оқудан өтеді. 

«Кез келген адам волонтер бола алады. Арнайы білім де керек емес. Дегенмен, ептілік қажет»,-дейді мамандар. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу, қарттарды, төсек тартып жатқан адамдарды күту, төтенше жағдайлар орнында қолғабыс ету, көпшілік шараларды ұйымдастыруға атсалысу үшін қосымша біліктілік артық етпейді. Сондықтан волонтерлар 10 бағыт бойынша оқып үйренеді. 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу