Елордада коммуналдық қызметтер тарифі қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада коммуналдық қызметтер тарифі қымбаттады

06.02.2020

Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық қызметтердің тарифтері қымбаттады.

Мәселен, жылудың бағасы өткен жылға қарағанда орта есеппен 8 пайызға өскен. Ал судың құны 10 пайызға, яғни 37 теңгеден 40 теңгеге көтерілген. Электр энергиясының бағасы 11 пайызға артқан. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы айтты. 

Оның сөзінше, бұл бағалар 5 жыл бұрын жоспарланған межеден әлдеқайда төмен.

Аманкелді Сейітхан 

Хабарламаларға жазылу