Израиль тұрғыны Ежелгі Мысыр заманына жататын жәдігерді кездейсоқ тауып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль тұрғыны Ежелгі Мысыр заманына жататын жәдігерді кездейсоқ тауып алды

06.02.2020
Израиль тұрғыны Ежелгі Мысыр заманына жататын жәдігерді кездейсоқ тауып алды

Израиль тұрғыны Ежелгі Мысыр заманына жататын жәдігерді кездейсоқ тауып алды. Шамамен 3,5 мың жыл бұрынғы зәкір кейпіндегі артефактіде Сешат құдайы бейнеленген. 

Ғалымдардың айтуынша, тарихи жәдігер б.з.д. ХV ғасырға жатады. Десе де артефакт сапасын жоғалтпаған, жақсы сақталған.

Археологтар алғашында оның Ежелгі Мысыр ғибадатханасын немесе патша сарайын безендіруге арналған барельефтен ойылған тас тақталар болғанын айтады. 

Бір қызығы, жәдігер қанша жақсы сақталғанымен, мұндағы Мысыр құдайының бет-жүзі өшірілген. Мамандар оны діни қақтығыстардың себебінен өшірілген болуы мүмкін деп болжайды. «Сондай-ақ бұл зәкір қойылған кеме Тутмос ІІІ перғауынның әскери жорықтарына қатысқан болуы мүмкін», - дейді ғалымдар.

photo: LAURA LACHMAN

Хабарламаларға жазылу